«Kazakh TV» арнасының басшысы болып Андрей Тараков тағайындалды

«Kazakh TV» арнасының басшысы болып Андрей Тараков тағайындалды

Андрей Тараков «Хабар» арнасында агенттік құрылған алғашқы күндерден бері қызмет етіп келеді. 

Соңғы қызметіне дейін ол «24 KZ»арнасы продюсерінің орынбасары, ақпараттық-сараптамалық «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі болған. 

«Мен осы ұжымда жұмыс істеп, еліміздегі ең ірі телеарнаның құрылуына үлес қосқаныма қуанамын. Қазір маған үлкен міндет артылып отыр. Көрерменнің көңілінен шығатын өнім дайындау үшін бар күш-жігерімді саламын», - дейді Андрей Тараков.

Андрей Юрьевич Тараков 1975 жылы 23 ақпанда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін Журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ал «Kazakh TV» арнасын басқарып келген Аниса Бердина енді Expo-2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастыру комитетінде қызмет етеді. Туристік саланы дамыту жөніндегі құрылымды басқарады. Оның мұндай жауапты қызметке тағайындалуы «Хабар» Агенттігінің» тек медиа ғана емес, өзге салаларда да білікті маман дайындайтын қуатты компания екендігін тағы да  дәлелдей түседі. 

«Өзімнің «Хабар» арнасында жұмыс істегенімді мақтан етемін. «Kazakh TV»-мен бүкіл агенттік алдында әлі де бағындырар белестер аз еместігіне сенімдімін», - дейді Аниса Бердина.

 

  «Kazakh TV» - Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық  спутниктік телеарнасы. Тәулік бойы қазақ, орыс және ағылшын  тілдерінде хабар таратады. Арна өзінің сигналдарын Eutelsat және  GlobeCast сияқты ірі спутниктік операторларымен біріге отырып,  141 елдің территориясында таратады. Потенциалды аудитория  саны 5,1 миллиард адам, сонымен қатар арнаны Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс  Еуропа, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия, Оңтүстік Кавказ және Австрали мен Океания елдері  тамашалай алады.
 Арна эфирінде – Қазақстан мен әлемнің басты жаңалықтары, саясат, экономика, спорт саласының басты  оқиғалары, отандық деректі жауһар туындылар мен классикалық және қазіргі заманғы фильмдер,  балалар киносы, тарихи-этнографиялық бағыттағы бағдарламалар мен елдің мәдени өміріндегі  жаңалықтар: театр қойылымдары, әр-түрлі бағыттағы шығармашылық көрмелер көрсетіледі.

 

Khabar.kz сайтынан
6 наурыз 2014, Астана