Қазақстанда заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек

Қазақстанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін заңдар қоғамдық талқылауға ұсынылады. Мәжіліс депутаттары  заң жобаларын қоғамдық талқылауды  көздейтін құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасы халықтың  әлеуметтік маңызы бар заңнамалар  бойынша ақпараттануын қамтамасыз етеді.  Бұл үшін қабылданатын заң жобасы  міндетті түрде интернет порталында орналастырылмақ. Жаңа заң жобасы арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келетін заң шығару қызметінің жаңа кезеңдерін енгізу көзделіп отыр.

 

Фото: edelvin.com.ua

 


×