Қ. Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі

Қ. Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі

COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер Сеулде Солтүстік экономикалық ынтымақтастыққа арналған халықаралық форумға арқау болды. Шарада Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Қазақстан Президенті әлем коронавирус пандемиясына тап болған кезде, саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие екендігін де атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан-Корея қарым-қатынастарына да тоқтала кетті. Қазақстан Президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған «Самал жел» бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған. Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қ. Тоқаев солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледіКореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар. Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады.

 

Фото: akorda.kz


×