Қ. Тоқаев: Заңды бұзған судьяларға шараны қатаңдату керек

Қ. Тоқаев: Заңды бұзған судьяларға шараны қатаңдату керек

Қасым-Жомарт Тоқаев заңды бұзған қазақстандық судьяларға талапты қатаңдату қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы бұл жағдайда қатаң шаралардың жеткіліксіз болатынын атап өтті.

Оның пікірінше, тиісті сот әдебін де өркендету маңызды. Президент жаңа стандарттар судьялардың процестерде, ұжымда және қоғамдағы мәдениетін реттеуі тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Судьяларының VIII съезі барысында Мемлекет басшысы сот үдерістерін оңтайландыру және дау-дамайларды шешу барысында бітімгершілік тетіктерін енгізу мәселесіне де назар аударды.

Осы мәселенің маңызы сот үдерісінде бюрократияның алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, сот ісіндегі рәсімдерді шектен тыс регламенттеу процесстердің ұзаққа созылуына алып келеді және қоғам тарапынан әділ сынға ұшырайды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сот ісін оңтайландырып, керексіз рәсімдер мен регламенттерді алып тастау қажет.

 

Фото: inform.kz


×