Н. Нығматулин: Алдағы сайлау саяси партиялардың бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік береді

Парламент сайлауы демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге, еліміздің дамуына жаңа серпін береді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы сайлауға қатысты осындай пікір білдірді. Осы орайда ол елімізде тәуелсіздік жылдарында түрлі деңгейдегі сайлауларды өткізу кезінде қазақстандықтар үнемі саяси жоғары мәдениетті көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Парламенттің келесі шақырылымы жұмысын бастағанға дейін қазіргі депутаттық корпус елімізді одан әрі дамыту және ілгерілету үшін заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастыра беретінін жеткізді. 

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Әрине, Парламент сайлауы ол біздің еліміз үшін де, біздің халқымыз үшін де өте маңызды саяси қадам. Себебі парламенттік сайлау еліміздегі барлық саяси партиялардың, өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін береді  деп сенеміз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: 24.kz


×