Сенат жанынан Жас сарапшылар клубы құрылды

Бүгінгі құбылмалы әлемге жылдам бейімделіп, мемлекет пен қоғамдық мәселелерді шешуде стандарды емес тәсілдер қолдану. Бұл орайда жаңғыру үшін заңнамалық қызметте жас мамандардың әлеуетін пайдаланудың маңызы зор. Осы мақсатта Сенат жанынан Жас сарапшылар клубы құрылды.

Оның құрамында мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, әлеуметтік қолдау, сот-құқықтық реформа, білім беру, денсаулық сақтау және цифрландыру салалары бойынша 30-дан астам маман бар. Сарапшылар клубтың алдағы отырыстарында қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша жаңа шешімдер іздеп, тың ойларымен бөлісетін болады.

ОЛЖАС ТӨЛЕУОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАС САРАПШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Сенаттың жасап жатқан клубы өте жақсы деп ойлаймын. Өйткені көп Жас сарапшылардың заңды қабылдау процесіне, талқылауына басын қосып жатыр. Менің ойымша ең бастапқы мақсат - ашық коммуникация. Жан-жақты сарапшылардың ойын ескеріп, заң қабылдаған кезде бәрін дұрыс есептеу мақсаты. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: senate.parlam.kz