Ереванда ЕАЭО елдері үкіметінің басшылары кездеседі

9 қазанда Армения астанасында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері бас қосады. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында тараптар коронавирустың салдарымен күрес шараларын талқылауға ниетті. Экономикалық кеңес алқа төрағасының көмекшісі Ия Малкина атап өткендей, инфекцияның таралуына қарамастан, одақ елдерінде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ахуал тұрақты. Осы жылдың 8 айында Одақ мемлекеттерінде өндірілген ауылшаруашылық өнімінің көлемі 4,6 процентке өсті. 2021 жылға қарай одақ өзін-өзі азық-түлік тауарлармен 97% деңгейінде қамтамасыз етеді деп күтілуде.

ИЯ МАЛКИНА, ЕЭК АЛҚА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

- Басты тақырыптар санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және Одақ ішінде жолаушылар тасымалын қалпына келтіру мәселелері болады. Бұл өте маңызды, барлық елдер мен азаматтар нақты шешімдер күтіп отыр. Тараптар өзара байланыстарды қайта қалпына келтіру талаптарын уағдаласады деп сенеміз.

 

Фото: en.kabar.kg


×