ҚР СІМ басшысы БҰҰ алаңында жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша сөз сөйледі

ҚР СІМ басшысы БҰҰ алаңында жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша сөз сөйледі

Коронавирус және басқа да жаһандық сын-қатерлерді жеңу жолындағы халықаралық қоғамдастықтың көпжақты күш-жігерінің рөлі. Осы мәселе «Horasis» тәуелсіз талдау орталығының жоғары деңгейдегі бейнеконференциясында тақыланды. БҰҰ 75 жылдығын мерекелеуге орайластырылған іс-шараға Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

Қатысушылар БҰҰ осы процесті үйлестіруде жетекші рөл атқаруы керек деген пікірге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ 75-ші сессияның жалпы саяси пікірталастарында атап өткендей, Ұйым коронавирус салдарын еңсеру, экономикалық қалпына келтіруді жеделдету және жаһандық басқаруды жақсарту бойынша халықаралық күш-жігерді үйлестіруі тиіс.

Форум «Horasis Visions» қауымдастығының жоғары лауазымды мүшелерін біріктірді және 20-дан астам пленарлық отырыстар мен панельдік пікірталастарды қамтиды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те іс-шарада сөз сөйледі. Айта кетейік, «Horasis» орталығы 2005 жылы ынтымақтастық пен білім алмасу үшін, әсіресе дамыған елдер мен дамушы нарықтар арасында жаңа платформалар құру арқылы «орнықты болашақ мақсаттарын жүзеге асыру» мақсатында құрылды.

 

Фото: kazpravda.kz


×