Қазақстаннаннан жөнелтілген гуманитарлық жүк ауған еліне жеткізілді

Қазақстаннаннан жөнелтілген гуманитарлық жүк ауған еліне жеткізілді

Су тасқынынан зардап шеккен ауғанстандық тұрғындарға Қазақстаннан жеткізілген гуманитарлық жүкті тапсыру рәсімі Ауғанстанның Қабыл қаласында өтті. Қазақ елінің көмегін Ауғанстандағы Елші Әлімхан Есенгелдиев тапсырды. Ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына берілетін болады, деп хабарлайды  Сыртқы істер министрлігі.

Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті.  Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын айтты.

Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстандағы зардап шеккен 8 провинцияда таратылғанын атап өткен жөн. Аталмыш азық-түлік Қабылдан басқа Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларында таратылды.

 

Фото: ult.kz


×