ЮНЕСКО: жалған жаңалықтармен күресу үшін жаңа ресурстар

ЮНЕСКО: жалған жаңалықтармен күресу үшін жаңа ресурстар

ЮНЕСКО жалған жаңалықтармен күресу үшін жаңа ресурстарды іске қосады. Бұл туралы The Jordan Times хабарлайды.

Еуропалық комиссиямен бірлесе отырып, ЮНЕСКО пандемияға байланысты түрлі Астыртын сөз байласу теориялары туралы хабардар ету үшін визуалды оқытудың қол жетімді ресурстарының сериясын іске қосты.

«Ұйымның ұсынған құралдары адамдарға таратылып жатқан қастандық теорияларын тануға, олардың мақсаттарын түсінуге және оларды фактілермен жоққа шығаруға және таратушыларға тиімді жауап қайтаруға үйретеді»,- деп мәлімдеді ЮНЕСКО.

Сонымен қатар қол жетімді инфографика әлеуметтік желілерде #ThinkShareShareing хэштегі, ЮНЕСКО-ның әлеуметтік желідегі MIL CLICKS парақшалары мен жалған ақпаратқа қарсы Еуропалық комиссияның веб-сайты арқылы кеңінен таратылатын болады. Сондай-ақ, барлық ақпарат араб, қытай, ағылшын, француз, орыс және испан тілдерінде жарияланатын болады.

«Әлемдік індеттің таралуы кезінде жалған мәлімет тарату біздің азаматтардың денсаулығына ғана емес сонымен бірге экономикаға да кері әсер етіп, мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтірді. Салдарынан денсаулық сақтау жүйесіне залалын тигізді. Сонымен қатар жалған ақпарат біздің демократиямызға да кері әсер етуде»,-деді Еурокомиссияның құндылықтар және ашықтық мәселелері бойынша вице-президенті Вера Юрова.

Айта кетейік, визуалды оқытуға арналған ресурстар ЮНЕСКО-ның медиа және ақпараттық сауаттылық жобасы аясында әзірленген және «Қастандық теориялары бойынша нұсқаулық» авторы профессор Майкл Баттердің, сондай-ақ «Қастандық теориялары бойынша анықтамалық» авторлары Стефан Левандовский мен Джон Куктың сараптамалық ұсыныстарына негізделген.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: iite.unesco.org