Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Қазақстанда бірегей израильдік технология негізінде көп реттік вирусқа және бактерияға қарсы маскалар өндірісін іске қосу. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мәселе Қазақстанның Израильдегі елшісі Сатыбалды Бұршаковтың әйгілі фармацевтикалық компанияның тең құрылтайшысы Шей Херсковичпен кездесуінде талқыланды.

«Қайта қолдануға болатын SonoMask вирусқа қарсы маскалары коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектесетін бактерияларды, вирустарды жоятын нано мырыш оксидінің бөлшектерімен жабылған. Бұл маскалар коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектеседі»,- делінген ведомство хабарламасында.

Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын кеңейту мақсатында, сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі бірлескен күш-жігер аясында отандық дипломаттар израильдік фармацевтикалық компания бас директоры Сниро Заномен де кездесті. Кездесу кезінде Қазақстанда COVID-19-ға тестілеу өткізу үшін стационарлық зертханаларды ашу мүмкіндігі талқыланды.

«Әйгілі израильдік компания қатерлі ісік және жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыратын медициналық технологияларға мамандандырылған. Израильдің Денсаулық сақтау және қорғаныс министрліктерімен бірлесіп, компания тәулігіне 12000 тест өткізуге мүмкіндігі бар COVID-19 үшін 6 сынақ зертханасын салды»,-деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Израильдің өзге де медициналық компаниялары қазақстандық әріптестерімен серіктестікті кеңейтуге мүдделі. Еліміздің дипломаттары тағы бір израильдік фармацевтикалық зауытына сапары кезінде басқарма төрағасы Амир Левин дәрі-дәрмектерді жеткізу мүмкіндігі бойынша, дәрі-дәрмектердің жаңа желісін жасау үшін бірлескен өндіріс құруға Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделілік білдірді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: 24.kz