Гуманитарлық көмек: Қазақстан кімге және қалай қолдау көрсетеді?

Гуманитарлық көмек: Қазақстан кімге және қалай қолдау көрсетеді?

Қазақстан Ауғанстанға қырық алты вагон гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары жеткізілді.

Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсіміне осы елдің Сыртқы істер министрлігі, Балх провинциясының әкімшілігі және Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің өкілдері қатысты. Азық-түлік тауарлары мұқтаж аудандардың тұрғындарына тарататылатын болады.

Айта кету керек, өткен айда Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстан елдеріне жалпы құны 3 миллион доллардан асатын 5 мың тонна көлемінде ұн жеткізіп берді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі гуманитарлық көмек әлемдік қоғамдастық мүшелеріне өзара қолдау көрсетудің жалпыға ортақ қабылданған халықаралық тәжірибе екенін айтады. Бүгінгі таңда әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы жағдайында көптеген елдер осы сынаққа қарсы тұру қабілетін арттыру мақсатында әр түрлі көмек көрсетуде. Қазақстан да бұл игі үрдіске белсенді қатысып келеді.

Жалпы, гуманитарлық көмек көрсету - Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Соңғы жылдары Қазақстан Антигуа мен Барбуда, Ауғанстан, Бангладеш, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Сербия, Сирия, Түркия, Жапония және көптеген басқа елдерге түрлі көмек жіберді.

 

Фото: tengrinews.kz