Бухарест қаласында «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылып, Абай ескерткіші орнатылады

Бухарест қаласында «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылып, Абай ескерткіші орнатылады

30 маусымда Румыния астанасында «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылып, қазақтың ұлы ақыны Абайға ескерткіш орнатылады. Бұл туралы «Есіл» ауданының әкімі Берік Жәкенов өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Ол бұл екі ел елшілері жұмысының нәтижесі екенін түсіндірді.

Берік Жәкеновтың айтуынша, қазір тараптар көгалдандыру және шаруашылық жүргізу саласында тәжірибе алмасуда.

«Шетелдік әріптестерге шаруашылық мәселелерде (санитарлық тазалау, абаттандыру және т.б.)елорда тәжірибесі қызықты болған. Ал бізді олардың көгалдандыру, қала құрылысы тәжірибесі қызықтырады. Өзімізге алда қандай бағытта жұмыс істейтінімізді белгілеп алдық, енді үнемі байланыста боламыз», - деп қорытындылады әкім.

Сондай-ақ «Есіл» ауданының әкімі Нұр-сұлтан қаласы Мәскеу, Қазан, Будапешт муниципалитеттерімен, Ресей Федерациясы Орлов облысының әкімшілігімен және басқалармен де тығыз байланыста екенін атап өтті.

 

Фото: experience.tripster.ru