Қазақстан Ливанға төртінші бітімгерлік ротасын жіберуге дайындық үстінде

Қазақстан Ливанға төртінші бітімгерлік ротасын жіберуге дайындық үстінде

Қазақстан Республикасы Ливандағы бітімгерлік миссиясына төртінші бірлескен ротасын жіберуге дайындық үстінде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінде онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте белгілі болды. Сонымен қатар олар Ливандағы қазақстандық әскерилерді ротациялау мәселесін де талқылады.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының шешіміне сәйкес қазақстандық бітімгерлер тобын ротациялау осы жылдың тамыз айында жүзеге асырылады», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Еске салайық, қазақстандық бітімгершілік полк құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі «Индбат» үнді батальоны құрамында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін қазан айының соңында Ливан Республикасына жіберілген еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына сәйкес қазақстандық бітімгершілік бөлімше Ливанда жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру функцияларын орындайды.

 

Фото: ru.sputniknews.kz