БҰҰ Қазақстанның саяси реформаларын жоғары бағалады

БҰҰ Қазақстанның саяси реформаларын жоғары бағалады

Қазақстанда жүргізілген саяси реформалар халықаралық беделді ұйым тарапынан жоғары бағаланды. Бұл туралы Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелет арасындағы онлайн форматтағы кездесуінде айтылды.  Тараптар ҚР Президентінің саяси реформаларды іске асыруын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 Мишель Бачелет еліміздегі бейбіт жиналыстар, Саяси партиялар саласындағы, сондай-ақ жала жабуды декриминализациялауға қатысты саяси реформаларын атап өтті. Оның айтуынша, бұл реформалар біздің еліміз БҰҰ-ға мүше елдердің әмбебап кезеңдік шолудың үшінші циклі барысында ұсынымдарына шындап қарайтынын және оларды уақтылы жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтінін куәландырады.

 Жанар Айтжанова  Жоғарғы Комиссар Кеңсесінің көрсетілген жобалар мен тренингтерді іске асыру арқылы көрсетілетін көмек үшін Жоғарғы комиссарға алғысын білдірді. Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бәсекелестік пен плюрализмнің көппартиялық жүйесін дамытуға бас назар аударылғанына тоқталды. Тұрақты өкіл Қазақстандағы конституциялық заң деңгейінде алғаш рет ұсынылатын парламенттік оппозиция тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған бастаманы да атап өтті. Жоғарғы Комиссар, сонымен бірге мемлекеттің азаматтық қоғаммен қарым-қатынасын нығайту мақсатында Қазақстанның жүргізіп отырған жұмысымен танысты.

Кездесу соңында ҚР Тұрақты өкілі Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастығы шарттық органдар, арнайы рәсімдер және Ұйымның басқа да тетіктері арқылы ашық және конструктивті диалог арқылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, ол БҰҰ-ның шарттық органдар жүйесін оның тиімділігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі реформалар бастамасын қолдайтындығын білдірді.

 

Фото: mk-kz.kz