Праймериз өткізу мәселесі бойынша жедел желі іске қосылады

Праймериз өткізу мәселесі бойынша жедел желі іске қосылады

«Праймериз деген не?» «Партияішілік іріктеуге қалай қатысуға болады?»

Қазақстандықтар праймеризге қатысты өздерін толғандыратын сұрақтарға жауапты жедел желіге хабарласу арқылы ала алады. Жедел желі «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында іске қосылады.  Жоба аясында «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» деп аталатын оқу бағдарламасы да  жүзеге асырылмақ. Онда белгілі саясаттанушылар, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады. Олар: партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі, праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі, депутаттың биліктегі рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру, саяси шешендік.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын.

«Праймериз өткізу арқылы «Мықты лидерлер - Мықты партия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін «әлеуметтік лифт» құру, елді дамыту мәселелерін талқылауға көпшілікті жұмылдыру, аймақтардағы жүйелі жұмыс үшін өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ, кандидаттардың жеке жауапкершілігін арттыру көзделеді», - дейді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Онлайн-консультацияны komek@nurotan.kz электронды поштасы, 8 700 800 44 41 WhatsApp-нөмері, сондай-ақ Facebook (Халыққа Көмек) және Instargam (halykkakomek) желілері арқылы да алуға болады.

 

Фото: almaty.tv