Қазақстанның Аустралия мен Филиппиндегі елшілері тағайындалды

Қазақстанның Аустралия мен Филиппиндегі елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен екі мемлекетте жаңадан елші тағайындалды, – деп жазады akorda.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жарлыққа сәйкес:

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Ал Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

 

Фото: almaty.tv