«The Washington Time» Қазақстанды антипандемиялық модель деп таныды

«The Washington Time» Қазақстанды антипандемиялық модель деп таныды

АҚШ-тағы беделді басылымдардың бірі «The Washington Time» сайтында  Қазақстандағы коронавирусқа қарсы күрес шараларына арналған мақала жарық көрді. Америкалық басылым Қазақстанның пандемия кезіндегі күрес шараларын сараптай келе, Қазақстанды Орталық Азияға үлгі болатын антипандемиялық модель деп атады. Мұндай жоғары бағаға еліміз COVID-19 алдын алу мен қиын кезде медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау шаралары түрткі болды.  

«Екі жақты қолдау өз нәтижесін көп күттірмеді. Қазақстанда COVID-19 пандемиясы әлемнің басқа елдеріндегідей геометриялық прогрессияда өсіп жатқан жоқ» деп жазады басылым.

Шетелдік басылым Қазақстанның антипандемиялық  әрекеттерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен басқа да халықаралық сарапшылар оң бағалағанын еске салып өтті.

«Ел Үкіметі жедел қимылдады. де ерте кезеңнен қатаң карантин жарияланды. Қоғамдық көліктер тоқтады, мекемелердің көбі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті, ал көшелер мен тұрғын үйлер жиі дезинфекцияланды. Зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсетілді. Міне, осы шаралар вирустың таралауын айтарлықтай тежеді»,делінген мақалада.

 

Фото: zakon.kz