Елші Қазақстанның дамуы туралы румыниялық басылымға сұхбат берді

Елші Қазақстанның дамуы туралы румыниялық басылымға сұхбат берді

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттырып, диалогты тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын күшейтуді қарастырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемов румыниялық Nine O'Clock басылымына сұхбатында мәлім етті.

Дипломат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы айтып берді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикада саяси өмірді либерализациялауға бағытталған бірқатар саяси реформалар жүргізуді ұсынды», деп хабарлады Нұрбах Рүстемов.

Оның айтуынша, бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы  - Президент бастамалары шеңберінде әзірленген алғашқы құжат. Заңнаманы жетілдіру реформалардың бірінші пакетінде қарастырылған, ондағы басымдықты заң жобаларына  саяси партиялар, сайлау, БАҚ, кәсіподақтар, Парламент жәнее депутаттар статусы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң жобалары жатқызылған, деп атап көрсетті Нұрбах Рүстемов.

 

Фото: bala-alemi.kz