Қазақстан Өзбекстанның Сардоба су қоймасына жүргізілетін техникалық аудитке қатысады

Қазақстан Өзбекстанның Сардоба су қоймасына жүргізілетін техникалық аудитке қатысады

Қос тарап өкілдерінің кездесуінде осындай шешім қабылданды. Ақпаратқа сай, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесу өткізді.

«Келіссөздер барысында біз Сардоба су қоймасы бойынша шешімді бірлесе қабылдау туралы шешімге келдік. Су қоймасына халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен техникалық аудит жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша осы су қоймасының тағдыры шешіледі», - деді қазақстандық министр.

Сонымен қатар тараптар трансшекаралық су қоймаларын басқару, пайдалану мен күзету істерін бірлесе жүргізе үшін үкіметаралық келісім әзірлеп, қол қоятыны жайлы келісімге келді.

Және де осы жылдың 15 маусымына дейін Су қатынастары саласындағы ынтымақтық бойынша жол картасын әзірлеп, бекітуге келісті. Одан бөлек 2020 жылы Сырдария өзені бойынша вегетациялық кезеңді өткізу шараларын ұйымдастыруды өзара мақұлдасты.

«Негізгі гидроқұрылымдар мен су шаруашылығы учаскелеріне мониторинг пен бақылау жүргізу бойынша бірлеске жұмысты ұйымдастыру туралы шешімге қол жеткізілді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Кездесуге қатысушылар Сырдария өзенінің су ресурсының шаруашылық үйлесімі бойынша бірлескен жұмысты жүргізуге уағдаласып, Қарадария мен Шыршық өзендеріне су жіберу лимитін талқылау мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында.

 

Фото: ainews.kz