Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруда. Отандық мамандар Иерусалимдегі жетекші медициналық орталықтарда біліктіліктерін арттырса, ал израильдік дәрігерлер жыл сайын республиканың медициналық орталықтарында ондаған шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сонымен қатар қос тарап телебайланыс немесе интернет көпірлері арқылы білген-түйгендерін талқыға салады. Бұл, әсіресе, бүгінгі таңда әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы кезінде маңызды. Қашықтан біліктіліктерімен бөлісу барысында израильдік ақ халаттылар COVID-19 вирусын емдеудің жаңа тәсілдері туралы айтты. Олардың сөзінше, медициналық хаттамалар бір жарым айдың ішінде айтарлықтай өзгерген. Қазір тиімді дәрі-дәрмектерді ойлап табу жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар, жаңа дәрі-дәрмектерді жасаумен қатар дәрігерлер қолданыстағы дәрілерді пайдалануда, дегенмен, әлі тиімділігі анықталған жоқ.

«Вирусқа қарсы препараттарды қолданудың салыстырмалы нәтижелері жарияланды, оны біз бәріне ұсындық. Қазір бұл препараттың тиімділігі әлі дәлелденген жоқ. Сондықтан оның вируспен күресте қаншалықты маңызды екенін кесіп айта алмаймыз. Қазірдің өзінде салыстырмалы зерттеулер бар. Дегенмен бұл орнаған жайтты өзгертпейді. Әлі де емдеу ұзақтығы мен өлім-жітімнің төмендеуі байқалмайды», - дейді израильдік инфекционист Евгений Кацман.

Қазақстандық дәрігерлер емдеудің әртүрлі аспектілеріне қызығушылық танытты. Кейбір тәжірибелер өзгелерге пайдалы болуы әбден мүмкін.

«Клиникалық бөлімде біз бүкіл әлем дәрігерлерімен бірге оқимыз, оқуды жалғастырып та келеміз. Себебі қысқа мерзімде нақты қорытынды жасау мүмкін емес. Наурызда, тіпті ақпан айында да ем-дом шараларының схемасы басталды, олар күн сайын өзгеріп, күн сайын жақсарып келеді», - деді Тель-Авивтегі бірінші медициналық орталықтың халықаралық бөлімінің басшысы Юрий Ранков.