Ұлыбритания мен Қазақстан қарым-қатынасты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады

Ұлыбритания мен Қазақстан қарым-қатынасты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады

COVID-19 пандемиясы аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Ұлыбритания мәдениет пен сыртқы саясат саласындағы салалардағы ықпалдастықты ашық әрі сенімді түрде қалыптастырып, одан әрі жалғастырулары керек. Бұл туралы Британ-Қазақ қоғамының ұйымдастыруымен өткен онлайн кездесуде Ұлыбритания СІМ департаментінің жетекшісі Пол Браммелл айтты.

«Мен елші қызметін атқарған жылдары Британиялық кеңес «Болашақ» бағдарламасымен тығыз қарым-қатынаста болды, бұл байланыс әлі де жалғасуда. Сондай-ақ, Уэльс композиторы Карл Дженкинс батысқазақстандық аса талантты филармониялық оркестермен бірлесіп, альбом жазды. Бұдан бөлек, ағылшын футбол жанкүйерлері әлем чемпионатының іріктеу ойынына Алматыға барып, қазақстандықтардың қонақжайлығына тәнті болғаны да әлі есімде»,- деді Ұлыбритания СІМ департаментінің жетекшісі Пол Браммелл.

 

Фото: 24.kz