Кадрлық ауыс түйістер: кім, қайда барды?

Кадрлық ауыс түйістер: кім, қайда барды?

Қазақстанда түске дейін екі бірдей кадрлық өзгеріс болып, президент Қасым Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Осылайша бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарған Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Ақорда сайтында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Айта кетейік, Дәурен Абаев бұл қызметке Мәулен Әшімбаевтың орнына келді. Мәулен Әшімбаев болса бүгін Сенат Төрағасы болып сайланды.

Ал ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін бұдан былай Аида Балаева атқарады.

«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Бұған дейін А. Балаева Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.

 

Фото: ktk.kz