ЕО: Қазақстан гуманитарлық көмекті қажет ететін елдердің санатына кірмейді

ЕО: Қазақстан гуманитарлық көмекті қажет ететін елдердің санатына кірмейді

Қазақстан гуманитарлық көмекті қажет ететін елдердің қатарына кірмейді. Өйткені еліміз «кірісі ортадан жоғары» мемлекеттер санатына жатады. Еуропалық одақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік бойынша жоғарғы өкілі Жозеп Боррель осылай мәлімдеді деп, Қазақстаннның сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Осы тізімге сай Еуропалық одақтың тарапынан Түркменстанға да гуманитарлық көмек жасалмайды.

Айта кетейік, Еуропалық Одақ коронавируспен күресу үшін ұйымға мүше елдерге 20 миллиард еуродан астам қаржы бөлуге ниетті. Бұл қаржы Африка, Азия-Тынық мұхит аймағы, Латын Америкасы, Кариб бассейні және өзге де елдерге бағытталатын болады. Орталық Азия өңірінде қаржылай демеуді Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан елдері алады деп күтілуде.

 

Фото: belta.by