Түркі Кеңесінің Президенттері COVID-19 қарсы күреске арналған бейнеконференциясы өткізеді

Түркі Кеңесінің Президенттері COVID-19 қарсы күреске арналған бейнеконференциясы өткізеді

Бүгін Түркі Кеңесінің Президенттері онлайнда жүздеседі. Коронавирусқа қатысты кезектен тыс бейнесаммитте қатерлі індеттің ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсерін жою жолдарын талқылап, дағдарыс уақытында және пандемиядан кейінгі кезеңде сауда экономикалық қатынастарды жалғастыру және кедергісіз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ.

Аталған бейнежиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да қатысатынын растады. Сондай-ақ Түркі Кеңесінің қазіргі Төрағасы, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен шақырылған бұл Саммитке Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан және Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады. Бейнеконференцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус та болады. Саммит соңында мемлекеттер басшылары бірлескен Декларациясын қабылдайды.

 

Фото: azernews.az