Болашақ үшін серіктестік: «БҰҰ-75» бастамасы

Болашақ үшін серіктестік: «БҰҰ-75» бастамасы

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына - 75 жыл. Мерейтойды атап өту аясында «БҰҰ-75» бастамасы жүзеге асырылуда. Ол ғаламда болып жатқан үрдістер мен проблемалар, оларды шешу жолдарына бағытталған диалогты ынталандыруға бағытталған. Мақсат - жастардан бастап көшбасшыларға дейін, депутаттардан бастап ауыл тұрғындарына дейінгі барлық деңгейдегі топтарды қамту.

ФАБРИЦИО ХОХШИЛЬД, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойы қарсаңында бізді бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақ төніп тұр. Әрине, қазіргі кездегі басты мәселе адам денсаулығына байланысты. Оның экономикалық және әлеуметтік салдары болатынын біз жақсы түсінеміз. Осыған байланысты Бас хатшы миллиондаған адамның пікірін жинап, адамзатқа қатысты сұрақтарға бірлесіп жауап табуға бағытталған акцияны бастайды. Бастама «Біздің болашағымыз қандай болады? Халықаралық ынтымақтастықты қалай нығайта аламыз?» деген сұрақтар төңірегінде болмақ. Тек бірге ынтымақтаса күш жұмылдыру арқылы ғана дұрыс жолын таба аламыз. Барлығын осы диалогқа, әлемдегі ең үлкен, маңызды диалогқа қосылуға шақырамын. Вирусты жеңгеннен кейін жаңа дәуірді бірге құрайық!

Қытайлық интернет компания «БҰҰ–75» бастамасын жүзеге асыруда Біріккен Ұлттар Ұйымының әріптесі атанды. Оның қатысуымен БҰҰ өкілдері әлемнің түкпір-түкіпіріндегі адамдардың пікірлерін жинамақ. Бұл үшін ойын, бейнеалаңдар, жарнамаға арналған платформаларды қолдану көзделген. Зерттеу нәтижесі қыркүйек айына белгіленген Бас Ассамблеяның 75 сессиясында әлем көшбасшыларына таныстырылады.

 

Фото: news.myseldon.com