ЕАЭО елдері коронавирусқа қарсы күресте бірікпек

ЕАЭО елдері коронавирусқа қарсы күресте бірікпек

Пандемия кезінде Еуразиялық экономикалық одақ  аумағына  баж салығынсыз енгізілетін тауарлар тізімі кеңейтіледі. Бұл  туралы  Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады. Одақ  құрамындағы елдердің үкіметі COVID 19 инфекциясы таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды жалғастырып, өзара ақпарат алмасатын болады. Коронавируспен күресуге бағытталған шешім кезектен тыс талқыланып, он күн ішінде күшіне енеді.

«Өзара көмек көрсету мәселесі, гуманитарлық, одаққа мүше елде тауар тапшылығы болған жағдайда коммерциялық тауар жеткізу жайы пысықталады. Қажеттілігі жоғары тауарларды жеткізу мәселесіне жауапты лауазымды тұлғалар бекітіледі. Сондай-ақ, пандемия уақытында экономиканың дамуына жағдай жасау жұмысы жүзеге асырылады», - деді ұйым өкілдері.

Сонымен қатар бірыңғай экономикалық кеңістіктегі елдер арасында денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық салада байланысты нығайтуды көзделіп отыр.

 

Фото: inbusiness.kz