Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Құрама Штаттарында, Қазақстанда және күллі әлемде Наурыз – адамдарды біріктіретін, бірлік, мейірім мен жаңарудың мейрамы», – делінген құттықтауда.