Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Асқар Мамин төрағалық еткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.

Премьер-Министр Үкіметтің қысқа мерзім ішінде 2020-2024 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізетінін атап өтті.

Кеңеске қатысушылар 2020 жылға арналған бюджет параметрлерін және мемлекеттік сатып алу саласында қабылданып жатқан шараларды талқылады, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тізілімін жасау және арнайы мемлекеттік сатып алу режимін енгізу, қамтамасыз ету жарнасын немесе банк кепілдемесін ұсыну қажеттігін алып тастау болды.

Валюта нарығын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті салықтық ынталандыру, несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және сыйақы төлеуді тоқтата тұру, жұмыс берушілерді, әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға әлеуметтік төлем жасау, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін тегін азық-түлік жиынтығын үлестіру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ карантин кезеңінде коммуналдық қызметтерге төлемдерді төмендету шаралары қарастырылды.

Тест жүйелерімен, өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғыларымен, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді әрі жедел іске асыру бойынша нақты шараларды қабылдауды тапсырды.

Фото: sputniknews.kz