Қасым-Жомарт Тоқаевты Сооронбай Жээнбеков құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевты Сооронбай Жээнбеков құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтады. Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда сайты. Қос тарап коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

«Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады», -делінген хабарламада.

 

Фото: kazislam.kz