Нұр-Сұлтан елордалардың Халықаралық Ассамблеясын басқарады

Қазақстанның астанасы ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясына жетекшілік етеді. Мәскеу ұлттар үйінің алаңында өткен 27-ші сессия барысында осындай шешім қабылданды. Алдағы 4 жыл бойы еліміздің бас қаласы ұйымға төрағалық етеді.

Айта кетейік, ұйымға Достастыққа мүше 9 елдің 80-нен аса шаһары кіреді. Қалалардың тұрақты дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыру – осы ұйымның басты міндеті болып табылады.

ЕРМЕК КИЗАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Басты міндетіміз – біздің қызметімізді инновациялық және сандық технологияларды дамытуға бағыттау, экономикаға үндеу тастау. Басқа қалаларға үйретеріміз және бөлісетін тәжірибеміз мол.

Қазақстандық тараптың ұсынысымен ұйымның кезекті сессиясы Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың шілде айында өтеді.

Фото: www.inform.kz