Қоғамдық кеңес құрамын бекіту құқығы мәслихатқа беріледі

Қоғамдық кеңестерде уәкілетті орган құрылады. Ал, оның құрамын бекіту құқығы мәслихатқа беріледі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобасындағы өзгерістер талқыланды. Енді заң жобасына сай, мәслихат әкімдік ұсынған қатысушылар құрамын қабылдауға немесе кері қайтаруға құқылы.

Сондай-ақ қоғамдық кеңестер ашық алаңдарда қандай мәселелерді талқылайтынын өздігінен шешетін болады. Ол үшін олар тәуелсіз сарапшыларды тартуға мүдделі. Бұл өз кезегінде қоғамдық бақылауды күшейтеді.

СЕРІК СЕЙДУМАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-  Еліміздегі 234 кеңес пен оның құрамындағы 4 мың адамның тәжірибесі зор. Олардың ұсыныстарын ескеріп, қоғамдық кеңестің қызметін жақсартамыз. Әрине қоғамдық кеңестердің жұмысы дербес, бірақ олардың қызметіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көмектесетін болады.

Фото: sputniknews.kz