Нұрсұлтан Назарбаев замандастарының естеліктерінен құралған жинақ таныстырылды

Елбасының көпшілікке беймәлім болған қырлары. Нұрсұлтан Назарбаев замандастарының естеліктерінен құралған жинақ елордада таныстырылды. Жерлестері, сыныптастары, үзеңгілестері бөліскен әңгімелері үш кітапқа әрең сиыпты. Сондай-ақ осы күні оқырманға ұжымдық монографиялық еңбек жол тартты. Онда тәуелсіздік шежіресі баяндалып, егеменді елдің әлемдік беделін асырған жаһандық бастамалар жайлы айтылады.

ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

 - Тарихи шежіре. Түгелдей дереккөз. Барлық қабылданған шаралар не болмаса қаулы-қарарлардың, мемлекеттік шешімдер солардың барлығы нақты деректермен, салыстырмалы деректермен  келістірілген. Бұл – жалпы дүниетаным үшін де, мемлекетті тану үшін де ең алдымен мемлекеттің азаматтарына қажет ғылыми құрал.

БҮРКІТБАЙ АЯҒАН, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Тарих үшін өте бір маңызды мәселе – ол болған істердің ізі қалу керек. Сондықтан бұл кітаптар бүгінгі таңда, әсіресе қазіргі заман тарихын зерттейтін ғалымдар, университеттерде оқитын студенттер, мектепте оқитын балалар үшін таптырмайтын кітаптар деп қарауымыз керек.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: inform.kz