Түркі кеңесі СІМ басшыларының кезекті отырысы

Түркі кеңесі СІМ басшыларының кезекті отырысы

Түркі кеңесінің халықаралық деңгейдегі ролін күшейту. Бакуде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде осы тақырып талқыланды. Ұйымның Вышеград тобы және АСЕАН сынды халықаралық институттармен әріптестігі басты назарда болды.  

МЕВЛЮТ ЧАВУШОГЛУ, ТҮРКИЯ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Түркі кеңесінің беделі өсіп, ролі күшейгені жақсы. Осы бағыттағы ұсыныстар қаралды. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының шеңберінде біз осы мәселелерді ілгерілетумен айналысамыз деп уағдаластық. Бұл шешімдердің барлығын Түркияда өтетін VIII саммитте мемлекет басшыларының назарына ұсынуды жоспарлап отырмыз.

Сонымен бірге Түркі кеңесі Инвестициялық қор құру шараларын да қолға алған. Жасалған жұмыс қорытындысы Стамбұлдағы саммитте қорытындыланатын болады. Сондай-ақ өткен жылғы саммитте Елбасының ұсынған «Түркі болашағы-2040» бағдарламасын әзірлеу мәселесі де талқыланды. Осы жолғы отырыста, сонымен бірге Түркі кеңесінің құрметті төрағасы туралы ережелер бекітілді.

МҰХТАР ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Негізінен қазан айында Бакуде өткен мемлекет басшыларының саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын талқыладық. Маңызды бағыттардың бірі – Ынтымақтастық кеңесінің құрметті президентінің құқықтары туралы шешім. Естеріңізде болса, өткен жылы Әзербайжан Президентінің ұсынысымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңестің құрметті президенті болып сайланған болатын.

Фото: m.uz.sputniknews.ru