«Жусан» және «Русафа» операциялары Еуропарламентте таныстырылды

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдар аймағынан Қазақстанның 595 азаматы елге қайтарылды. Бұл туралы Еуропарламентте өткен конференция барысында айтылды. Шараға қатысушылар Қазақстанның «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық акцияларына  жоғары деңгейде өтті деген баға берді.

СТАНИСЛАВ ВАСИЛЕНКО, ҚР ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ:

 - Біз үшін бұл кішкентай қадам – жүздің бес пайызындай ғана жұмыс. Енді оларды елге қайтарып қана қоймай, кем дегенде, қайта оқытып, жаңа өмірге бейімдеу керек.  

Еуроодаққа мүше елдердің басым бөлігі бұл мәселеге басқаша қарайды. Еуропалықтар балалардан өзге азаматтарын елге қайтаруға ықыласты емес.

ТЬЕРРИ МАРИАНИ, ЕУРОПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ:

 - Францияда да Сирияға кеткен әйелдермен осындай мәселе туындап отыр, олардың көбі жесір, балаларымен жалғыз қалды. Франция балаларды қайтаруы керек, ал ересектерді қайтару мәселесін кейін жеке қарастыру қажет деген көзқарасты ұстанады. Бірақ Францияда ислам көбінесе радикалды, ал Қазақстанда – олай емес. Меніңше, Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі дін өкілдерінің бейбіт өмір сүруі жөніндегі саясаты осы бір реинтеграцияға ықпал етеді.

Шараға жиналғандар балалар мен әйелдердің бейімделуімен және содырларды дерадикализациялау барысымен танысты. Олардың қылмыстарға қатысуы мен айыптарын дәлелдеу бойынша айғақтар жинаудың қалай жүргізілетіні жайлы сұрады.

Конференция қорытындысы бойынша, қатысушылар Қазақстан осы мәселе өзекті болып отырған өзге елдермен өз тәжірибесімен бөлісуге тиіс деген ортақ шешімге келді.

Фото: elorda.info