Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі деп жоспарланған.  Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады.

Сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел де өткізу қарастырылған. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ Дубай Халықаралық қаржы орталығына барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Фото: primeminister.kz