Түркістан облысында волонтерлар Абай мұрасын насихаттаудың ерекше жолын тапты

Түркістан облысында волонтерлар Абай мұрасын насихаттаудың ерекше жолын тапты. Белсенді жастар ұлы ақынның шығармаларын туристер көп жиналатын киелі орындарда дәріптеуді бастады.

ТИМУР ТАСТАНОВ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

-  Біз жұртты елең еткізіп, өзімізге тарту үшін ең алдымен Абайдың образын ойладық.  Яғни, жас Абай. Жас Абай кезінде не айтқысы келді? Жұртқа нені жеткізгісі келді? Сол себепті біз бүгін Абайдың образын салып, Абайдың қара сөздерін, оның өлеңдерін жастар болып жұртқа кеңінен насихаттайық деген ойымыз болды.

Өңірде «Қазақстанның киелі жерлері» картасына енген 9 нысан бар. Соның бірі «Ғайып ерен, қырық шілтен». Мұнда жылына мыңдаған саяхатшы мен зияратшы келеді.  Волонтер жастар қонақтарға Ұлы ақын туралы сұрақтар қойып, шығармаларынан үзінді оқыды. Абай әндерін бірге шырқады.

БЕЙСЕКҮЛ ОМАРҚЫЗЫ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Мына жастардың бүгінгі Абайдың 175 жылдығына арнап, айтқан өлеңдері, жан-жақтан келген, республиканың түкпір-түкпірінен туристерге үлкен әсер береді деп ойлаймын.

Волонтер жастардың ақын мұрасын насихаттауға арналған акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Фото: khabar.kz