Қазақстан мен Бразилия бір-біріне қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге көмектеседі

Қазақстан мен Бразилия бір-біріне қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге көмектеседі

Қазақстан мен Бразилия бір-біріне қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге көмектеседі. Тиісті заң жобасын Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов «егер адам біздің жақта қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға беріледі. Дәл осылайша қылмыскер елімізде бой тасалап жүрсе, біз Бразилия тарапына әлгі адамды экстрадициялауға міндетті боламыз» - деді. Қазір екі елде құқық қорғау органдарынан жасырынып жүргендер жоқ. Айта кетейік, осы күні қос ел арасында қылмыспен күрес бағытында үш негізгі шарт бар.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстанның заңнамасына сәйкес 30 елмен осындай құқықтық көмек бар. Ол АҚШ, Ұлыбритания тағы басқа елдермен. Бұл Қазақстанның заңнамасы халықаралық заңнамаға сәйкес дегенді білдіреді. Сондықтан визасыз елдерге біздің қылмыскерлердің қашып кетуіне тыйым салынады.

Фото: inform.kz