Қазақстанның бітімгершілік бастамалары дүниежүзінде жоғары бағаға ие болды

Қазақстанның бітімгершілік бастамалары дүниежүзінде жоғары бағаға ие болды

Қазақстанның бітімгершілік бастамалары мен тәжірибелері мұқият зерделеуге және халықаралық деңгейдегі күрделі мәселелерді шешуде қолдануға лайықты. Шетелдік сарапшылар осындай пікір айтып отыр. Олар еліміздің осы саладағы тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытуда. Былтыр өткізген «Жусан» арнайы операциясы әлемде теңдессіз деп бағаланған. Оның нәтижесінде Сирияда жүрген 600-дей отандасымыз елге аман-есен оралды.

НИКОЛАС ФЛЕРИ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗЫЛ КРЕСТ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Қазақстан өте қиын жағдайға түскен азаматтарын Таяу Шығыстан қайтарды. Елдері оларға болашаққа мүмкіндік беріп отыр, осы тұрғыдан көптеген мемлекеттерге үлгі көрсетті. Бұл тәжірибемен бөлісу қажет.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі де Қазақтанның «Жусан» арнайы операциясы аясында өз азаматтарын қауіпті аймақтардан елге қайтару тәжірибесіне жоғары баға берді.

СЕРГЕЙ ЛАВРОВ, РФ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Бұл өз азаматтарының алдындағы міндетін орындау барысында кез келген дербес мемлекет қабылдауы тиіс іс-шара. Біз де осындай мәселелермен айналысып келеміз. Әскеріміз бен арнайы қызметтеріміз және бала құқықтары жөнінде уәкілдеріміз Ирак пен Сириядан балаларымызды қайтарумен айналысады. Бұл жөнінде қазақстандық әріптестерімізбен тәжірибемізбен бөлістік.

Фото: inform.kz