Иранда украиналық ұшақпен байланысты үкіметке қарсы тағы шерулер өтті

Иранда украиналық ұшақпен байланысты үкіметке қарсы шерулер қайта жалғасты. Наразылық акциялары Тегеран мен өзге де қалаларда өтті. Шерушілер үкіметтің отставкаға кетіп, ұшақ апатына қатысты лауазымды тұлғаларды қызметінен босатуды талап етуде.

Шерушілер «бізді алдап жатыр, біздің жауымыз Америка емес, біздің жауымыз осында» деп ұрандатты.

Естеріңізге сала кетейік, Тегераннан Киевке бағыт алған Boeing-737 әуе лайнері Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежай маңында құлаған болатын. Бортта болған барлық 176 адам қаза тапты. Кейін Ислам Республикасының Президенті Украинаның әуе жолдары компаниясына тиесілі Boeing ұшағын Иран қарулы күштері абайсызда атып түсіргенін мойындады.   

Фото: theins.ru


×