Иран АҚШ-тың болжамын жоққа шығарып отыр

Иранның азаматтық авиация басқармасының басшысы Али Абедзаде АҚШ-тың украиналық лайнерді Иран күштері байқаусызда атып түсірді деген болжамын жоққа шығарып отыр.

Оның айтуынша, ұшақ әуежайдан көтерілген соң 5 минуттай ұшқан. Бірақ техникалық ақауға байланысты апатқа ұшыраған. Бұған экипаждың ұшақты әуежайға кері бұруға талпынысы куә дегенді айтады. Оны Иранның өзге де мамандары қолдап отыр.    

Фото: aex.ru