Дональд Трамп: Ирандағы ұшақты қателесіп атып түсірген

Тегеранда апатқа ұшыраған Украинанның әуе жолдары компаниясына тиесілі Боинг ұшағы Иран қарулы күштері абайсызда атып түсірген. Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо ұшақтың ирандық әуе зымыранымен атып түсірілгенін дәлелдейтін барлау ақпараттары  бар деген мәлімдеме жасады. АҚШ осы нұсқаны ұстануда. Бұл жағдайға байланысты Трамп та өз пікірін білдірді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Менің өз болжамым бар. Бұл орны толмас үлкен қайғылы оқиға. Мамандардың біреуі қателесіп кетуі мүмкін. Дегенмен, ұшақ қауіпті аймақта кетіп бара жатқан. Кейбіреулер апатқа техникалық ақау себеп дейді. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін.

Ақ үй басшысы барлығына көз жеткізу үшін Иран тарапы "Boeing-тің" қара жәшіктерін оқуды өзге елдерге беру керек дейді. Мысалы, француз немесе канадалық мамандардың көмегіне сүйену керек деп отыр. Ақпарға қарағанда олар бүлінген. Жазбаларды зерттеуге украиналық мамандар Тегеранға барған.

Фото: iz.ru