Иран мен Украинада аза тұту күні жарияланды

Иран мен Украина бейсенбі күнін аза тұту күні деп жариялады.

Еске салайық, кеше украиналық Boeing 737 ұшағы Тегерандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған болатын. Борттағы барлық 176 адам, оның ішінде 9 экипаж мүшесі қаза тапты.  

Болжам бойынша, қозғалтқышқа байланысты ұшақ апатқа ұшыраған. Ол көкке көтерілгеннен кейін 2 минут өткен соң радардан жоғалып кеткен.

Фото: golos.ua