Дональд Трамп халыққа үндеуін жолдады

«АҚШ кез келген елмен бейбіт келісімге дайын».

Президент Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жасаған телевизиялық үндеуінде осылай деп мәлімдеді. Алайда Трамп «Мен президент болып тұрғанда Иранның  ядролық қаруды иеленуіне жол берілмейді»,- деп қайырды. 

Ол, сондай-ақ Вашингтон Тегеранға санкцияларды күшейтетінін жеткізді. Өз кезегінде БҰҰ жанындағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахт-Раванчи генерал Сулейманидің өлімі үшін кек қайтарылғанын және Иран тарапынан ешқандай жаңа әскери шабуылдар болмайтынын жариялады.