Иран мен АҚШ арасында соғыс болуы мүмкін емес

2 мемлекеттің қақтығысы әлемдік қауымдастықты дүрліктірді. Мемлекет басшылары төтенше кеңестерді шақырып, қазіргі жағдайға қатысты өз ұстанымдарын білдіруде. Өз кезегінде сарапшылар үлкен қақтығыстың алдын алуға болады деп үміттенеді.

ФАРХАД ИБРАГИМОВ, «ВАЛДАЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Егер бүгінде Вашингтон Иран соққыларының салдарынан кемінде бір америкалық сарбаздың немесе бір америкалықтың өлімін мойындаған болса, казус белли туындар еді. Атап айтқанда, соңы қандай болары белгісіз, яғни Иран-Америка соғысы басталар еді. Америкалықтардың мұндай қадам жасағысы келмейтіні де, ирандықтар да оны қабылдағысы келмейтіні, әрине, түсінікті.

Еуроодақ та тараптарды келіссөздерге шақырды. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен АҚШ пен Иранды қаруды дереу тоқтатуға шақырды. Еурокомиссия өкілдері Иран төңірегіндегі ахуал бойынша шұғыл жиналыс өткізді.

УРСУЛА ФОН ДЕР ЛЯЙЕН, ЕУРОКОМИССИЯ БАСШЫСЫ:

 - Тараптар қару қолдануға жол бермеуі керек. Сонда диалог жүргізуге мүмкіндік пайда болады. Біз келіссөздердің қайта жандануы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.  Бұл жағдай Еуропалық Одақ үшін, мысалы, көлік, энергетика, көші-қон, сондай-ақ экономикалық дамуға әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар мемлекеттер арасындағы қақтығыс әлемдік мұнай бағасының өсуіне әсер етті. Бүгінде WTI маркалы қара алтын құны барреліне 65 доллардан асты. Ал Brent маркалы мұнай 70 доллар деңгейіне жетіп отыр.

Фото: ztb.kz