Елордада Сирия келісімінің кезекті отырысы өтеді

 

Желтоқсанның 10-11-і күндері Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі ХІV халықаралық кездесу өтеді. Кезекті Астана үдерісі шеңберіндегі келіссөздерге барлық тараптар қатысатынын растады.

Олардың қатарында кепілгер елдер Ресей, Түркия, Иран және Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясы бар. Барлық делегаттардың басын қосатын жалпы отырыс желтоқсан айының 11-не жоспарланған.

Күн тәртібіне шығарылатын  басты мәселе Сириядағы ахуалды жақсартып, ел халқына жәрдемдесу және босқындарды қайтаруға жағдай жасау.

АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

- Кездесуге бақылаушы ретінде Бірікке Ұлттар Ұйымының Сирия жөніндегі бас хатшысының арнайы кеңесшісі Гейр Педерсеннің басшылығымен Біріккен Ұлттар ұйымының делегациясы қатысады. Ресей делегациясын Сирия бойынша Ресей Федерациясы Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарады. Иран делегациясы елдің сыртқы істер министрінің саяси саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Хусейн Джабери Ансаридің басшылығымен қатысатын болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: iz.ru