«Астана Клуб»: Жаһандық диалог форматы

Жаһандық диалог – бүгінгі күннің қауіп-қатерлерін шешудің тиімді жолы. Және де түйінін тарқатуды талап ететін мәселелер уақытпен бірге өзгереді, деп хабарлайды Kazakh TV телеарнасының тілшісі. 

«Астана Клубының» бесінші – мерейтойлық отырысында экономистер мен сарапшылар екінші күн қатарынан әлем елдерінің келешекте даму перспективалары, геосаясат, экономикалық үдерістер және тәуекелдер туралы ой-пікір алмасуда. Қазіргі замандағы халықаралық қарым-қатынастардың басты проблемасы елдер арасындағы сенім дағдарысынан туындайды.

Біздің телеарнамызға берген сұхбаты барысында Әлем проблемаларын зерттеумен айналысатын Стокгольм халықаралық институтының директоры Дэнс Смит осындай пікірімен бөлісті. Айтуынша, жағдайды оңалтуда диалог алаңдарының атқаратын ролі зор. Осы ретте Қазақстанның тәжірибесі мол, дейді сарапшы.

ДЭН СМИТ, ӘЛЕМ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ СТОКГОЛЬМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәселе, заманауи технологиялармен, қоршаған ортамен байланысты қауіптердің ұлттық шекараларға еш қатысы жоқ. Ешбір мемлекет, АҚШ, Қытай, Ресей сынды державалардың ешқайсысы бұл мәселелерді бір өзі шеше алмайды. Мұндай жаһандық проблемаларды ынтымақтастық және диалог жолымен ғана шешуге болады.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: ktk.kz