«Астана Клубы» шеңберінде Еуразия құрлығына төніп тұрған 10 қауіп-қатер аталды

Соңғы уақыттарда әлемде белең алған экономикалық, саяси және әскери текетірестердің алдын алу.

«Астана Клубының» V отырысында осы мәселелер төңірегінде жаһандық деңгейде әріптестік орнату қамында ашық диалог құрылды.

Еске салайық, кезекті басқосудың аясында 2020 жылы Еуразия құрлығына төнетін басты 10 қауіп-қатер аталды. Соның ішінде, негізгі қатерлер қатарына террористік қауіп, қарулану бәсекелестігі, климаттық өзгерістер, сауда соғыстары, жаңа технологиялар саласындағы көшбасшылық үшін күрес жатқызылды.

ЭВАН ФЕЙГЕНБАУМ, ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ ФОНДА КАРНЕГИ /США/:

Қазіргі уақытта мемлекеттер арасында сенім дағдарысы байқалады. Мысалы, Америка және Қытай аталған рейтингке енгізілді. Заманауи жағдайлардағы бәсекеге қабілеттілікті реттеу бойынша ұсыныстар қабылдау маңызды. Экономикалық интеграция елдер арасындағы сенімсіздіктің орнын басуы мүмкін.

Дәстүрлі пікірталас алаңының 2-ші күнінде Орталық Азия аймағындағы әріптестіктің жаңа тетіктері талқыға салынатын болады.

ДЖООМАРТ ОТОРБАЕВ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЭКС-ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Мен қазақстандық тарапқа осындай жоғары деңгейде жиын ұйымдастырғанына алғысымды білдіргім келеді. Біз осы алаңда Орталық Азияның әлеуеті жайында сөз қозғаймыз. Бұл – осымен 5-ші отырыс. Ол өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бізге Орталық Азияда бұндай беделді диалог алаңының болғаны аса маңызды.

Сондай-ақ отырыс аясында еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің дамуына қатысты өзекті мәселелер көтерілетін сессиялар жоспарланған. Өйткені әлем сарапшылары, жаһандық өсімнің орталығы үлкен Еуразия аймағына ығысып келетінін алға басып отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: inbusiness.kz