Елордада «Астана Клубының» V отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында әлемнің 30 елінің сарапшылары жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықтың жаңа қырлары мен әлеуетті жолдарын іздейтін болады.

Еске салайық, қарашаның 11 мен 12-сі күндері «Астана Клубының» V отырысы өтеді. Халықаралық пікірталас алаңында мамандар қазіргі әлемдік тәртіптің келбетін қаузап, дүниежүзілік экономика ахуалы мен технологиялық жарылыс мәселелерін талқыға салады.

Сондай-ақ ядродан ада әлем құру және Еуразиялық серіктестіктің жаңа тармағын ашу сынды мәселелер бас қосудың өзегіне айналмақ. Жиында 2020 жылы аймаққа төнетін қауіптің ондығы тізілген халықаралық зерттеу қорытындысы жарияланады. 

ЕРЖАН САЛТЫБАЕВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - 30-ға тарта әлем елдерінің атынан 50-ден астам адам келеді. Олардың қатарында әлемдік Нобель сыйлығының лауреаттары, 10-ға жуық бұрынғы үкімет басшылары, қазіргі қызметтегі сыртқы істер министрлері, Карнеги қоры сынды беделді ғылыми орталық жетекшілері, Қытайдың ірі орталықтарының өкілдері, тәжірибелі саясаткерлер, Ресейдің бұрынғы барлау қызметінің басшысы, мемлекеттік дума төрағасы Фрадков және Еуропаның маңызды елдерінің саясаткерлері бар. Бұл белді деген тұлғалар мен ұйымдардың барлығы Еуразия елдері арасында диалог құруға мүдделі.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: informburo.kz