Дариға Назарбаева Ресей Федерациясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті

Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның Ресейге ресми сапары аясында Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде экономикадан бастап мәдениет мәселелеріне айрықша назар аударды.

Қос тарап, сондай-ақ екі ел парламенттері жұмыстарын да талқылады. Сонымен қатар олар Қазақстан мен Ресейдің көп бағытта байланыс орнатқан жақын мемлекеттер екенін де атап өтті.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан өткізу бекеттерінің мәртебесін көтеру мәселесін қарастыруды және шекарадан өту тәртібін барынша жеңілдетуді ұсынды.

Сонымен қатар тепе-теңдік негізде визалық режим орнату жағын да алға тартты. Бұдан кейін Жоғарғы палата басшысы трансшекаралық өзендер мәселесіне де тоқталды.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Су ресурстарының 80 проценті Ресей аумағында қалыптасады. Мәселен, Жайық өзенінің Қазақстан аумағындағы су деңгейі гидротехникалық нысандардың жұмысына тәуелді. Бұл тек Орынбор мен Орал аймақтарына қатысты мәселе ғана емес. Аталған проблема Қазақстандағы бірнеше өңір мен Ресей Федерациясының 5 губерниясын қамтып отыр. Бұл мәселе өңірлердің экономикалық дамуына да барынша өз әсерін тигізуде.

ВАЛЕНТИНА МАТВИЕНКО, РФ ФЕДЕРАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Бизнес екі ел арасындағы қарым-қатынастар арқасында ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын тауып жатыр. Бұл – маңызды тұстардың бірі. Бүгінде 6,5 мыңнан астам ортақ кәсіпорын жұмыс істейді. Ресейлік инвестиция көлемі 13 миллиардтан асқан. Ал Ресей экономикасына құйылған қазақстандық инвестиция 4 миллиардты құрап отыр.

Фото: eadaily.com